Кеденшілер Конституция күнін атап өтті

2014 жылы 29 тамызда Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне арналған салтанатты жиналыс болып өтті. Жиналысты ашқан Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті бастығының міндетін атқарушы М.Т. Күнтуарова  Қазақстан халқы осыдан 19 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, бағыт-бағдарын, жүрер жолын айқындап, қастерлі құндылығымыздың қағидат­та­рын бұлжытпай орындаудың нәти­же­сінде  қысқа мерзімде мызғымыс мем­лекеттігімізді орнатып, тәуелсіздігімізді тұғырлы еткенімізді атап өтті.

Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні  қарсаңында Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері жүктелген қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны және жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін марапаттауларға да ие болды.

Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті әлеуметтік жобаларға үнемі қатысып, қолынан келгенше көмектесіп келеді. Жыл сайынғы игі шара биыл да жалғасын тауып, Департамент қызметкерлері  Сейлханова Арманайға көмек көрсету үшін қайырымдылық акциясына үн қосты. А.Сейлханова №35 орта мектебінің 9 сыныбында оқиды. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж Арманайға кеденшілер мектепке қажетті оқу құралдары мен мектеп, спорт  киімдерін алып берді. Әлияның анасы Сейлханова Ләззат кеден қызметкерлеріне қызын назардан тыс қалдырмай мектепке дайындауға көмек­тескендері үшін алғысын білдірді. Департамент қызметкерлері Арманай алдағы уақытта сабағын жақсы оқып,  үлгілі, тәртіпті оқушы болатынына сенім білдірді.

ҰЖжББ дайындаған